«15 сәуір 12:14 (Мәскеу уақытымен 03:14) – Эбеко жанартауында күл шығарудың биіктігі теңіз деңгейінен шамамен 4500 метр болды», - делінген Ресей ғылым академиясының Бірыңғай геофизикалық қызметінің Камчатка филиалының Telegram-арнасындағы хабарламасында.
Айта кетейік, Эбеко Парамуширдің солтүстік бөлігінде орналасқан. Жанартау биіктігі – 1 156 м. Жанартау 2016 жылдың қарашасының ортасында белсенді бола бастады. Ол үшін авиацияға қауіптің қызғылт сары түсі белгіленген. Бұл жанартаудың атқылауы мүмкін екенін және аса белсенді екенін білдіреді.