Оны шығарған - «Лайф Сайенс Дивижн» компаниясының мамандары. Олардың айтуынша, құрал қауіпті дертті қан мен несептің құрамындағы белгілер арқылы 15 минутта танып біле алады.
Атом энергетикасы жөніндегі комиссияның өкілі «Изискрин» атты сараптамалық құралды тексеріп, оң бағасын беріпті. Оның тағы бір ерекшелігі - құралдың кез келген жерде арнайы қондырғысыз жұмыс істей бере алады.
Ғалымдар енді оның клиникалық зерттеулерде кеңінен қолдануға болатын үлгісін жасап шығармақ.
- Біз қазір өндірістік жобаны дайындап жатырмыз. Таяу арада алғашқы үлгілерін клиникалық тексеруден өткіземіз. Егер сынақтан сүрінбей өтсе, 2015 жылдың басында-ақ бір партиясын ірі көлемде шығармақ ойымыз бар, дейді зертхана директоры Лорен Белленджер.
Дәл осындай жедел тесттерді ойлап табу үшін әлемдегі өзге елдердің ғалымдары да барын салып бағуда. Мәселен, өткен айда жапондық мамандар Эболаның белгілерін 30 минутта анықтайтын глюкометрді ойлап тапқан болатын.