Оның айтуынша, жолаушы Алматыға Гвинеядан Стамбұл арқылы келген. Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин «Интерфаксқа» Эбола безгегінің белгілері бар жолаушы туралы ақпаратты растады.
12:57, 15 Наурыз 2015
Эбола безгегіне күдікті Turkish Airlines ұшағының жолаушысы Алматы ауруханасына жеткізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында Эбола безгегіне күдікті жолаушыны Turkish Airlines авиакомпаниясы рейсінен түсіріп, ауруханаға жеткізді, деп хабарлады жексенбі күні «Интерфаксқа» осы оқиғаның анық-қанығын білетін дереккөз.