Эбола безгегінен 887 адам қаза тапты, тағы 1603 адам жұқтырған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Африкада Эбола безгегінен ажал құшқандар саны 887 адамға жетті, тағы 1603 адам осы ауруды жұқтырған. Бұл туралы ДДСҰ-ның 4 тамыз күні таратқан хабарламасында айтылған, деп жазады ИТАР-ТАСС.

БҰҰ денсаулық сақтау саласындағы агенттігінің мәліметінше, тек 31 шілде мен 1 тамыз аралығында Гвинея, Либерия, Сьерра-Леон мен Нигерияда 61 адам осы аурудан қаза тапқан, 163 адам жұқтырған.

Осы жылдың ақпан айында гвинеядан бастау алған ауру ошағы көршілес Сьерра-Леон мен Либерияға тараған.

Шілде айының соңында безгектен Нигерияға Либериядан ұшып келген азамат қайтыс болған. Айта кетейік, Эбола вирусы адамнан адамға тұмау тәрізді ауа арқылы емес, қан арқылы немесе инфекция жұқтырған ағзаның басқа да бөлінділері арқылы жұғады.