Эбола безгегінен қаза тапқандар саны үш мыңнан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эбола безгегінен қаза тапқандар саны 3091 адамға жетті. Бұл туралы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының таратқан мәліметтеріне сүйеніп, шетелдік БАҚ хабарлауда.

Белгілі болғандай, Сьерра-Леон мен Гвинеяға қарағанда Либерияда өлім-жітім саны үш есеге артып отыр. Бұған дейін БАҚ-та Эбола безгегіне қарсы вакцина 2015 жылдың басында дайын болады деп хабарланған болатын .