Мәліметті Африка одағына қарасты Африканың ауруларды бақылау мен сауықтыру орталығы мәлім етті.
Ұйымның хабарлауынша, Конго демократиялық республикасы мен Уганда аумағында тіркелген.
— Конго демократиялық республикасы мен Угандадағы індет өте күрделі сипат алып отыр. Қазіргі эпидемия кезінде Эболадан көз жұмғандар мен ауру жұқтырғандар саны бойынша бұл індет бұрынғы үш ірі эпидемиядан ғана кейін тұр, — делінген хабарламада.
Қазіргі мәлімет бойынша, Эболадан 65 адам қайтыс болған.
Ауру жұқтырғандар саны 381 адамға жеткен.
Бұдан ірі эпидемиялардың бірі Батыс Африкада 2014-2016 жылдары тіркелді.
Сол кезеңде 28 616 адам вирус жұқтырып, 11 325 адам көз жұмған.
2018-2020 жылдары Конго демократиялық республикасының шығысында болған індет кезінде 3 470 адам сырқаттанып, 2 287 адам қайтыс болды.
Ал Угандада 2000-2001 жылдары тіркелген індет 425 адамға жұғып, 224 адамның өмірін қиған.
Мамандардың дерегінше, Африкада 1976 жылдан бері Эбола безгегінің 30-дан астам ошағы тіркелген.
Осы уақыт аралығында індеттен қайтыс болғандар саны 15 мың адамға жуықтады.
Бұған дейін ДДҰ Конгода Эбола індеті күшейіп бара жатқанын хабарлаған болатын.