Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы таратқан мәлімметте айтылған, деп жазады ТАСС.
Мәліметте айтылғандай, ауру жұқтырғандардың басым бөлігі Батыс Африканың Гвинея, Либерия, Сьерра-Леон елдерінде. Либерияда 3496 адам қаза тауып, 8157 адам ауруды жұқтырған. Ал Сьерра-Леонде 2943 адам көз жұмса, жұқтырған адамдардың саны әлдеқайда көп болып отыр - 9780. Гвинеяда 1781 адам қайтыс болып, 2775 адам індетті жұқтырған.