ТЕГЕРАН. ИРНА-ҚАЗАҚПАРАТ - Ішкі істер министрі Абдолрахман Фазли дауыс санаудың соңғы қорытындысын жариялай отырып, Эбрагим Раиси 17 миллион 926 мың 345 дауыс жинап, Иран президенті болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат IRNA-ға сілтеме жасай отырып.
«Дауыс беру құқығы бар 59 миллион 310 мың 307 сайлаушыдан Президент сайлауына 28 миллион 933 мың 4 адам саяси науқанға қатысты, бұл 48,8%», - деді ол.
Оның айтуынша, Эбрагим Раиси 17 миллион 926 мың 345 дауыс жинап, Иран президенті болып сайланды.
Айта кетейік, жұма күні Иранда президент сайлауы өтті. Соңғы ресми қорытындыға сәйкес, сайлауда Ирандағы сот билігінің басшысы Эбрахим Раиси 62% дауыс жинаған.
Раисидің барлық бәсекелестері қорытынды шықпай тұрып-ақ оның жеңгенін мойындаған еді.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.