Еуро-2016 ойынының финалы өткеннен кейінгі күні ер адам пойыз астына секірді. Машинист шұғыл түрде пойызды тоқтатты, дегенмен оқиға қайғылы аяқталды. 27 жастағы ер адам жақындап келе жатқан пойыздан небәрі 50 метр жерде тұрған.
Анықталғандай, Фидель Н. достарына қаржыдан қатты қысылып жүргенін айтқан. Алдын ала болжам бойынша ер адам ірі көлемдегі борышын өтеу үшін ұтысқа бар ақшасын тіккен.