Эдди Херн: «Бәрі Головкинді қалай ұру керектігін айтады, бірақ кездесу өткізуге ешкімнің жүрегі дауаламайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық боксшы Крис кіші-Юбенктің промоутері Эдди Херн ESPN-ге берген сұхбатында олар қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуді асыға күтетіндерін тағы бір мәрте жариялады, деп жазады Sports.kz.

- Менің Криске берген нұсқауым қарапайым ғана: Головкинмен жекпе-жекке шығу. Бәрі Головкинді қалай ұру керектігін айтады, бірақ кездесу өткізуге ешкімнің жүрегі дауаламайды. Ал біз болсақ, оны жасаймыз және дәл қазір қолға аламыз. Біздің оларға айтарымыз мынау: Біз GGG-мен кездесу өткізу үшін келісімдерді рәсімдеуге дайынбыз, - деді Херн.

Айта кетейік, Головкиннің келесі кездесуі осы кіші-Юбенкпен өтуі әбден ықтимал. Жекпе-жек, шамамен, қыркүйек айында өтуі тиіс.