Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында күдікті әйелдің ТОО кеңселерінің бірінде еден жуушы болып жұмыс істейтіндігі анықталды. Ол кезекшілігі барысында үстелдің астында тұрған ақша қаражатын байқаған. Бөгде адамдардың жоқ екендігін байқаған әйел 950 мың теңгені ұрлап кеткен.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындап, түсініктеме берді. Оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті барынша қырағы болуға, бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді», - деді департаменттен.