АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық ауыр атлет Едіге Емберді Испанияның Леон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иегері атанды.
Астана қаласының намысын қорғайтын спортшы 2022 жылы 17 жасқа дейінгі кіші жассөспірімдер арасында әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын.
Сол додада қазақстандық зілтемірші жұлқа көтеруде 134 келіні бағындырып, жалпы есепте топ бастады. Ал серпе көтеруде 172 келіні басынан асырды. Бұл әлемдік рекорд саналады.
Ал 2023 жылы Едіге жасөспірімдер арасында жеңіс тұғырына көтерілді.
Айта кетсек, бұдан бұрын аталған әлем чемпионатында қазақстандық Ерасыл Сәулебеков (81 келі) қола медаль алған еді.
Ерасыл қоссайыста (154 190) 344 келі нәтижемен өнер көрсетті.
Осы көрсеткіштің арқасында Ерасыл серпе көтеруде күміс, құрама сайыста қола медаль жеңіп алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.