Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, жартылай финалда отандасымыз Өзбекстан өкілі Елиор Рустамовпен қолғап түйістірді.
Едіге жекпе-жек барысында жеңіске деген жігері мен қайсарлығын танытқанымен, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (0:5) жеңіс қарсылас боксшыға берілді.
Бұған дейін Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында U19 санатындағы Айдана Убайдуллақызы (80 келі) алғашқы жекпе-жегін өткізгенін жаздық.