Эдуард Ким әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдеге ие болды
09:22, 01 Наурыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Әртістік жүзуден Қазақстан құрамасының спортшысы Эдуард Ким Францияның Париж қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдеге ие болды.
ҚР ҰОК мәліметінше, спортшы техникалық бағдарламада 213,8167 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.
Алтын медальді 214,3966 ұпаймен Ұлыбритания өкілі Ранжу Томблин жеңіп алды. Үздік үштікті 213,5992 ұпаймен испаниялық Жорди Иглесиас қорытындылады.
Айта кетейік, Қытайдың Чжаоцин қаласында ерлер мен әйелдер арасында ватерполдан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Аталған додада Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.