Эдуард Шеварднадзе бар-жоғы 410 доллар зейнетақы алады

АСТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Германияның экс-президенті Хорст Келердің зейнетақысы өте жо­ға­ры, айына 23 мың доллар ал­са,

Грузияның бұрынғы басшысы Эдуард Шеварднадзе бар-жоғы 410 доллар зейнетақыны місе тұта­ды. АҚШ Конгресінің зерттеу қыз­метінің мәліметі бойынша, былтыр сол елдің төрт экс-президентіне 3,7 млн доллардай қаржы жұмсалыпты. Жалпы, АҚШ-тың бұрынғы пре­зи­денттері жылына 200 мың долларға жуық зейнетақы алады екен. Кіші Буш­тың жеке күзеті мен отбасына кем дегенде 1,3 млн доллар бөлі­ніп­ті, деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы.