АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» хоккей клубы канадалық қақпашы Эдвард Паскуалемен келісім-шарт жасағанын ресми түрде жариялады. Біржақты келісім 2025 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Канадалық 32 жастағы қақпашы Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы маусымын 2019/2020 жылғы маусымда «Барыс» командасы құрамында өткізді. Одан кейін Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) және «Металлург» (Магнитогорск) клубтарының намысын қорғады.
Сондай-ақ, елордалық клуб шабуылшы Роман Старченкомен келісім-шарт жасалғанын хабарлады. ол 14 жыл бойы «Барыс» құрамында ойын көрсетті. Өткен жылы Ресейдің «Спартак» (Мәскеу) клубында болды.
Ал қақпашы Никита Бояркин мен қорғаушы Әділ Бекетаев келісім-шартын ұзартты.
Чехиялық Давид Скленичка енді бір жыл бойы «Барыс» сапында ойын көрсетеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын қашан өткізетіні белгілі болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.