ЕЭК 2025 жылға дейін ЕАЭО-ның келісу стратегиясының процедурасын жеделдетеді

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы стратегия мақұлданды. Бірнеше сұрақ қалды. Оның бірі автокөлік тасымалын либерализациялау болып отыр. Бұл жұмыс Беларусь пен Армения үшін өте маңызды. Алдағы бір-екі аптада осы мәселелерді реттеудің амал-әдістерін тауып, осы формулировканы стратегияға қосу мақсатында жоғары деңгейдегі жұмыс тобы құрылады. Екінші мәселе, атап айтқанда газды тасымалдаудағы бағалар мен тарифтер әлі келісілген жоқ», - деп хабарлады тілшілерге ЕЭК коллегиясының үкіметаралық кеңестің төрағасы Михаил Мясникович.

Келісілмеген мәселелерді үкіметаралық кеңес 23 сәуірде талқылайды. Осыдан кейін құжаттар 19 мамыр күні бекіту үшін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңеске жолданады.

Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарына ЕАЭО аясындағы интеграциялық процетстерді ары қарай дамыту туралы Декларацияның тәртібін ашатын 326 шара мен механизмнен тұрады. Құжат келісімді экономикалық интеграцияның жаңа салаларымен толықтыруға мүмкіндік береді.

Стратегиялық бағыттардың жобаларын толықтыру жұмысы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылдың 31 қаңтарындағы тапсырмасына сәйкес жүргізілуде. Осы уақыттың ішінде ЕЭК-ның интеграция және макроэкономика бойынша министрі Сергеяй Глазьевтің блогымен ЕЭК Кеңесі мүшелерінің 4 кеңесі мен жұмыс тобының 5 отырысы болып өткен.