Жоба қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыруға (ақшаның ізін жасыруға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы тұру мақсатында ЕАЭО мүшелері үкіметтері белгілеген органдар арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақшалай қаражаты және (немесе) ақша құралдарының ауысуы кезінде «Қолма-қол ақша және (немесе) ақша құралдарының декларациясы» жолаушылардың кедендік декларациясының қосымша формулярында мәлімделген мәліметтермен өзара іс-қимылда алмасуды жүзеге асыруды қарастырады.
ЕЭК-тың мәліметтерінше, ақшалай қаражаттардың және (немесе) ақша құралдарының ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы ауысуы туралы ақпарат алмасу ЕАЭО-ға мүше елдердің тиісті мәліметтер базаларын құруға жауапты органдарының сұрауы бойынша жүзеге асырылады.