ЕЭК қара металлургияны дамытуға бағытталған бірқатар шараларды даярлады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдерінде қара металлургияны дамытуға бағытталған бірқатар шараларды даярлады, деп хабарлайды БЕЛТА ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«ЕЭК Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің 19 басымдықты бағыт бойынша өнеркәсіп саласында ынтымақтастықты дамытуына ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған жұмыстарды жалғастыру үстінде. Комиссия ЕАЭО елдеріндегі қара металлургия салаларының даму жағдайына жүргізілген кешенді талдауды негізге ала отырып ЕЭК Кеңесінің осы саланы дамыту бойынша ұсынымы жобасын даярлады. Құжатта өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуге жағдай жасауға және қара металлургия өнімдерін өндіру саласында өнеркәсіптік әріптестікті ынталандыруға бағытталған бірқатар шаралар қамтылған», - делінген хабарламада.