Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Еуразиялық экономикалық комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жеңілдікті тарифтер 2022 жылдың 30 маусымынан бастап іске қосылады. Нақты айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақ аумағына дәрі-дәрмек пен дезинфекциялау құралдарын дайындауға арналған кейбір компоненттерді, медициналық препартаттар мен респираторлар, қорғаныс көзілдіріктері, рәзіңке қолғаптар, медициналық құралдар мен аппаратураларды, сондай-ақ бокстар мен пациенттерді тасымалдауға арналған зембілдерді бұрынғыдай салықсыз кіргізе беруге болады.
«Қазіргі таңда әлемдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз, сондықтан Одаққа мүше мемлекеттер COVID -19 вирусының одан әрі тарауына дайын болуы керек. Сондай-ақ жағдай қалай қарай өзгерсе де оған лайықты жауап бере алатындай жағдай қалыптастыру керек»,-деді ЕЭО Сауда министрі Андрей Слепнев.
Шешім ресми түрде жарияланған күннен кейін 10 күн ішінде күшіне енеді және 2021 жылдың 1 сәуірінен басталған құқықтық қатынастарға ықпал етеді.