ЕЭК-тің Цифрлық жобалау кеңсесі Астанаға көшіріледі
«Еуразиялық одақ үшін орталықтың қаржылық технологиялармен («Астана» халықаралық қаржы орталығы- авт.) жұмыс бағыты перспективалы саналатындығын атап өткім келеді. Орталық базасында қаржылық технологияларды әзірлеушілерді бірден шоғырландыру логикаға сыйымды әрі келешегі зор шешім болар еді. Бұған қоса, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Еуразиялық экономикалық комиссияның цифрлық жобалау кеңсесін Астанаға көшіру мүмкіншілігін талқылап жатырмыз», - деді ол.
Оның пайымынша, бұл қаржылық технологиялар бөлігінде, сондай-ақ Астананы ірі өңірлік цифрлық құзірет пен қызмет орталығына айналдыруда да барынша өзекті әрі мақсатқа сай келеді.
«Біз қазірдің өзінде Халықаралық қаржы орталығымен жұмыс бастап кеттік. Бүгін Еуразиялық экономикалық комиссия мен қаржы орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы сәйкесінше меморандумға қол қойылады»,- деді Тигран Саркисян.