ЕЭО туралы келісім Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатын ұзақ мерзімге айқындайды

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - 2014 жылы Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті.

«Бұл - өзінің көлемі бойынша өте ауқымды құжат. Онда 800-ге жуық бет қамтылмақ. Кедендік одақ пен БЭК аясында бекітілген 90-ға тарта халықаралық келісімдер кодификацияланады», - деді Т. Жақсылықов.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, бұл құжат Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатының негізін көп жылдарға алдын ала айқындайды.