"Бүгiнгi таңда бiз Кедендiк Одақ елдерiмен бiрлесе отырып, Вьетнаммен, Жаңа Зеландиямен, ЕЕСҚ-ға мүше Швейцария, Норвегия, Исландия және Лихтенштейн мемлекеттерiмен еркiн сауда аймағын құру бойынша жұмыстарды атқарудамыз", - деп атап өттi ол.
Экономика министрлiгiнiң хабарлауынша, Кедендiк Одақтың үшiншi бiр мемлекеттермен еркiн сауда қатынасын орнату Қазақстанның бәсекелестiк басымдықтарын одан әрi күшейте түспек. Сонымен қатар ол отандық және шетел кәсiпкерлерiнiң фармацевтика, өнеркәсiптiк инжиниринг саласында әрiптестiк жүргiзуге, сондай-ақ технология трансфертiне ықпал етедi.