Эфиопия астанасында Африка одағы елдерінің саммиті ашылды
02:10, 28 Қаңтар 2013
АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Африка мемлекеттерінің басшылары Эфиопияның астанасы Аддис-Абебеге жиналды.
Кеше 27 қаңтарда мұнда Африка одағы Ассамбеясының саммиті ашылды.
Күтіліп отырғандай, алқалы жиында басты назар Малидегі дағдарысқа аударылмақ, сондай-ақ Судан мен Оңтүстік Судан арасындағы шиеленіс, Конго Демократиялық республикасындағы жағдай да талқыланатын болады.
Бұл туралы шетелдік БАҚ-тар хабарлады.