Шағымданушылардың бірінің әкесі Facebook-те оған шабуыл жасауға шақырған хабарламалар пайда болған соң өлтірілген.
Өтініш африкалық әлеуметтік желі контентін модерациялау орталығы орналасқан Кения сотына берілді.
«Ол өзінің әкесін өлтіруге шақырған жазбаларды көргенде, ол туралы Facebook-те жариялады. Олар жауап бергенше, бір айдан артық уақыт кетті. Бірақ Facebook жазбалардың қауымдастық талаптарын бұзатынымен келісіп, оларды жоюға уәде бергеннен кейін де посттардың бірін бір жылдан кейін платформада көруге болатын еді», - дейді шағымданушылардың мүддесін қорғаушы адвокат Мерси Мутеми.
Шағымданушылар Meta өз платформасындағы контентке, атап айтқанда Тыграйдағы қақтығысқа қатысты дұрыс жауап бермеді деп санайды. Олар соттан 200 миллиард кениялық шиллинг (1,5 миллиард еуродан астам) өтемақы қорын құруды сұрайды, бұл қаражат әлеуметтік желіде пайда болатын өшпенділік құрбандарын қолдауға жұмсалады.
Meta компанияға қарсы арызға әлі көпшілік алдында жауап берген жоқ.
Фото: AFP