Жоспар бойынша жаңа екі индустриялдық аймақ ашылуы керек. Оған жарты миллиард доллар жұмсалады. Есесіне ресми Аддис-Абеба елге келген 30 мың босқынның жұмыс істеуіне рұқсат беруі шарт.
Жаңа жоба БҰҰ-ның саммитінде жарияланды. Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мэйдің айтуынша, егер бастама сәтті жүзеге асатын болса, өзге де дамушы аймақтарға үлгі болады.
Айта кетейік, Эфиопия - Африкада босқындарды ең көп қабылдаған мемлекет. Соңғы жылдары онда Оңтүстік Судан мен Эритрея және Сомали елдерінен 700 мыңнан астам босқын барған.