Эфиопияда 44 мың адам қатысқан марафон өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эфиопияда Африка құрлығындағы елдер арасында аса ірі - «Үлкен эфиофиялық жүгіру» марафоны өтті, деп хабарлайды Анадолы агенттігі .

Тек спорт сүйер қауым ғана емес, көптеген елдің кәсіби жеңіл атлеттері қатысқан марафон Аддис-Абебедегі Мескель алаңынан бастау алды.

10 шақырымдық жүгіруге 44 мыңға жуық адам қатысты. Бұл аумақта тиісті қауіпсіздік шараларына баса көңіл бөлінді.

Ерлер арасында 28,36,10 көрсеткішпен Соломон Берега жеңімпаз атанды, ал әйелдер арасында Зейнеба Йемер (32.30.60) суырылып алға шықты.