«Эфиопиядағы ұшақ апаты салдарынан 33 мемлекеттің азаматы қаза тапты. Олардың ішінде Қазақстан азаматы жоқ. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия Президентіне көңіл айту жолдау хатын жіберді», - деді Айбек Смадияров ҚР СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетейік, Эфиопияда Ethiopian Airlines әуе компаниясының Найробиге бара жатқан ұшағы апатқа ұшырағандығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ, ұшақта БҰҰ 19 қызметкері болған.
Қайғылы жағдайға байланысты Қазақстан Президенті бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасының Президенті Сахле-Ворк Зеудеге көңіл айту жеделхатын жолдады.