«Қазіргі таңда 21 адамның құрбан болғаны ғана мәлім және көптеген адамдар жарақат алды»,-делінген осы оқиғаға қатысты таратылған баспасөз баянында.
Онда сондай-ақ зардап шеккен барлық адамдар ауруханаға жеткізілгендігі айтылған.
Жол қозғалысын реттеушінің айтуынша, автобустың апатқа ұшырауы оның шектен тыс көп адамдарды мінгізіп алуына байланысты болуы мүмкін. Жалпы талап бойынша автобусқа 27-ен артық адам алуға болмайды. Ал автобус апатқа ұшыраған уақытта онда 34 адам отырған.
Осыған дейін орталықафрикалық мемлекетте болған ірі жол апатынан 78 адам қайтыс болғандығы жарияланған. Адамдар мінген жүк көлігі Бамбари қаласы маңында төңкеріліп қалған.