Жергілікті биліктің осыған қатысты арнайы құжатында «әлеуметтік желелдердің жұмысына тыйым салу емтиханды жеткілікті деңгейде өткізуге мүмкіндік береді» деп жазылған. Тыйым салынған желілер қатарында - Facebook, Twitter, Instagram және Viber бар. «Бұл уақытша шара, сәрсенбіге шейін ғана созылады. Ал, әлеуметтік желілер абитуренттерге кедергі жасайды», - деп мәлімдеді үкіметтің баспасөз хатшысы Гетачью Реда.
БАҚ-тардың хабарлауынша, сайттарды ресми түрде шектеу Эфиопияда бірінші рет болып отыр.
Еске сала кетсек, өткен аптада БҰҰ кеңесі интернетке тыйым салу адам құқығын бұзатынын мойындаған болатын.