Бұл туралы Эфиопияның Аймақтық коммуникациялар бюросының мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Report Al Jazeera телеарнасына сілтеме жасап.
Жергілікті биліктің мәліметінше, оқиға ел астанасы Аддис-Абебадан оңтүстікке қарай 300 шақырымдай жерде орналасқан Сидама штатында болған.
- Қазіргі уақытта 68 ер адам мен үш әйел адамның қаза тапқаны белгілі, - делінген ведомство хабарламасында.
- Бес адамның жағдайы ауыр және олар Бона жалпы ауруханасында емделіп жатыр, - деді Сидама үкіметінің аймақтық өкілі Симион Восеньелех.
Оқиға кезінде жүк көлігінде болған жолаушылардың нақты саны туралы құзырлы органдар әзірге нақты ақпарат бермеген.
Осыған дейін Эфиопияда 400 мыңға жуық адам су тасқынынан зардап шегіп отырғанын жаздық.