Соңғы айналымға шығардың алдында Гебривет көш басында келе жатты. Ол айналымдар санынан шатасып, мәреге жеттім деп ойлап, жеңісін тойлауды бастап кетті. Ол қатесін түсінгенше, артында келе жатқан өзге атлеттер Гебриветтен озып кетті. Соңғы айналымға жетпей-ақ бар күшін жұмсап үлгерген Гебривет мәре сызығынан оныншы болып өтті. Ал жеңісті оның қолынан отандасы Йомиф Кейелча жұлып әкетті.
25 жастағы Гебривет - дәл осы қашықтықта Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиаданың қола жүлдегері әрі әлем чемпионаттарының қола, күміс медальдарын да алған.