«Гуманитарлық жағдай өте ауыр, мыңдаған әйел мен бала аман қалуы үшін ауқымды гуманитарлық көмекке мұқтаж», - деп мәлімдеді департамент.
14:10, 23 Сәуір 2024
Эфиопияның солтүстігіндегі қақтығыстардан 50 мыңнан астам адам босқынға айналды
АСТАНА. KAZINFORM – Эфиопияның солтүстігіндегі қарулы қақтығыстардың салдарынан үйлерін тастап кеткендердің саны 50 мыңға жетті. Бұл туралы дүйсенбі күні кешке БҰҰ-ның гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасы жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады, деп жазды Синьхуа ақпарат агенттігі.