Егде тартқан адамдардың сілекейінде тұмауға қарсы тұра алатын зат бар

АСТАНА. 16 маусым. ҚазАқпарат - Адамның сілекейі зерттеліп, ол жастарға қарағанда неліктен қариялардың тұмаудың жаңа түрлерінен тез сауығатынын анықтауға жол ашты. Бұл туралы The Times of India жазады. Сілекейдің құрамында микробтармен күресетін ақуыздар бар. Бұл түрлі індеттерден сақтанудың алғашқы жолы.

Мамандар түрлі жастағы ер адамдар мен әйелдерден алынған сілекейдің 180 үлгісін сараптады. Оның нәтижесінде ересектер құс тұмауынан тез сауығатыны анықталған. 65 жас және одан үлкен адамдардың сілекейіндегі гликопротеиндердің тұмауға әсер ету деңгейі нәтижелі болып шықты. Тындырылған шаруаның арқасында кейбір жастағы кеселдерді түпкілікті түсінуге мүмкіндік бар.