Егде жастағы мүгедектер үшін арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің инновациялық модельдерін даярлау қарастырылып отыр

А. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып егде жастағы мүгедектер үшін  арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің инновациялық модельдерін даярлау қарастырылып отыр. Бұл туралы бүгін Астанада IV Азаматтық форум барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі адамдар  құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ұзақ мерзімді уақытқа  үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе Ұлттық жоспарды әзірлеу тұрғысында жұмыстар жоспарланған.

 «Сонымен бірге егде жастағы мүгедектер үшін  арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің инновациялық модельдерін даярлауда ҮЕҰ-мен жұмыс істеуде  біздің тарапымыздан қызығушылық туындап отыр»,-деді Г. Әбдіқалықова.

Атап айтқанда, мемлекеттік тапсырыс аясында аталған мақсаттарға алдағы үш жылға 23 миллион теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланған.