Егде жастағы жүргізушілер үшін ыңғайлы машиналар белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық сарапшылар егде жастағы жүргізушілерге ыңғайлырақ көліктердің тізімін құрды.

Атап айтқанда, бұл рейтингте жаңа машиналардан бөлек, нарыққа 10 жыл бұрын шыққан модельдер де қамтылған.

Тізімді жасау кезінде жан-жағы жақсы көрінетін көліктер, жүргізуші орындығының жайлылығы, тұрақтандыру жүйесі, сондай-ақ электрониканы басқаратын батырмалардың үлкендігі және көліктің басқа да сипаттамалары ескерілді.

Осы орайда егде жастағы жүргізушілер үшін үздік модельдердің рейтингі былай қалыптасты:

1. Chevrolet Impala (2014)

2. Chrysler 300 (2011 - 2014)

3. Honda Accord (2008 - 2014)

4. Honda Odyssey (2011 - 2014)

5. Kia Soul (2014)

6. Lexus RX (2004 - 2015)

7. Subaru Forester (2009 - 2015)

8. Toyota Avalon (2005 - 2012)

9. Toyota Camry (2007 - 2014)

10. Toyota Highlander (2004 - 2014)