Қазақстан Журналистер одағының Астана қалалық филиалы баспасөз күніне орай осымен 9-шы рет елордалық публицист-журналист Рамазан Ахметовтің құрметіне республикалық БАҚ арасында шағын футболдан жарыс өткізді. Дәстүрлі жарыс 20 маусымда өз мәресіне жетті. 8 команда арасында өткен жарыста бірінші орынды «Егемен Қазақстан» газеті, екінші орынды- «Қазақ радиосы», үшінші орынды - «Алаш айнасы» газеті иемденді. Ал, «Жетінші канал» журналистері ынталандыру сыйлығына ие болды.
Сондай-ақ, ең үздік қақпашы жүлдесін «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Дмитрий Покидаев, ең үздік шабуылшы жүлдесін «Астана ақшамы» газетінің тілшісі Олжас Сүлейменов жеңіп алды. Сонымен қатар, ең үздік жанкүйер сыйлығы «Дала мен қала» газетінің тілшісі Еркін Досымбаевқа бұйырды.
Жеңімпаздар ақшалай және бағалы сыйлықтарға ие болады.