«Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында...

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Егемен Қазақстан» газетінің дүйсенбі күнгі санына Александр Винокуровтың сұхбаты шықты. «Астана» Про Тим велокомандасының бас менеджері Ермұхамед Мәуленге берген сұхбатында биылғы маусымды орташа өткіздік деп жауап берді. Микеле Скрпонидің қазасы болмағанда нәтижелер одан да мықтырақ болатын еді дейді атақты велошабандоз.

Сұхбатта Винокуров 2018 жылы команда қандай құраммен өнер көрсететіні жайлы да сөз қозғаған. Келер жылдың таныстырылым рәсімі 8-желтоқсан күні Астана қаласында өтеді деп мәлімдеген.

Сонымен қатар, спорт айдарында Шымкент қаласында өткен бокстан Қазақстан чемпионатында орын алған өрескел қателер жайлы да мақала шықты. «Сайыпқырандар атой салған чемпионат» атты мақалада төрешілер тарапынан кеткен қателіктер ашық айтылған.

13-қараша күнгі саннан Асхат Райқұлдың «Кеспебайдың «Доширактан» несі кем?» деген мақаласы жарық көрді. Отандық өнімнің тез арада тұтынушылар арасында беделге ие болып, кең сұраныстың арқасында шеттен келетін тауарларды ығыстырып жатқаны жайлы баяндалған.