Осы шешімге сəйкес, Ахметқали Өтеғалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Басқарма төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. Ал Еркін Қыдыр Басқарма төрағасының орынбасары қызметінен босатылып, Басқарма төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды.
Сонымен қатар бүгін Басқарма төрағасының шешімімен газеттің бөлім басшылары қызметін атқарып келген Сейфолла Шайынғазы мен Ғабит Мүсіреп Бас редактордың орынбасарлары болып тағайындалды.