«Біз сараптамаларды, журналистік репортаждарды көбірек беруге тырысамыз. Қазір де беріп жүрміз. Осы бір айдың ішінде «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды француздар, немістер, түріктер аударып басты. Мысалы. Түркиянның «Ватан» сынды сайттары Егеменге сілтеме жасай отырып, бізде шыққан арнайы зерттеу және сараптамалық материалдарды аударып басты. Бұл да Егеменнің жаңалығы деп ойлаймын»,- деді ол.
Сонымен қатар басылым басшысы шетелдерде тұрақты меншікті тілшілер ұстау жоспарланып отырғандығын атап өтті.
«Бұл үшін Сыртқы істер министрлігімен, Елшіліктермен жұмыс жасаудамыз. Сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасымен шетелде журналистка саласында оқып жүрген жастарды да осыған тарту көзделген»,- деді Д.Қыдырәлі.