Осымен 20-шы рет өткізіліп отырған спорт додасына биыл 22 команда қатысты. Топтық кезеңде «Егемен Қазақстан» газетінің тілшілері «Проспорт» командасына 1:2 есебімен есе жібергенімен, «Қызылжар» командасын 4:2, «Казспорт» құрамасын 7:0 жеңді.
Ал 1/4 финалда ОҚО-2 командасын 2:1 есебімен ұтса, жартылай финалда «Хабар» телеарнасын да дәл осындай көрсеткішпен қапы қалдырды. Финалда олар Оңтүстік Қазақстан облысының БАҚ өкілдерінен құралған ОҚО-1 командасымен кездесіп, оларды да 2:1 есебімен ұтып, турнирдің жеңімпазы атанды.
Үздік екінші орынды ОҚО-1 командасы жеңіп алса, үздік үштікті «Хабар» арнасының аяқдоп шеберлері қанжығасына байлады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы кубоктармен марапатталды.