Бұл туралы «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ағымдағы жылы республикалық басылымның ұжымы жаңа ғимаратқа көшті. Мерейтой аясында сондай-ақ Елбасының қатысуымен газеттің жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы жоспарлануда.
Тәуелсіздік күні «Егемен Қазақстан» республикалық газеті туралы «Ел газеті -«Егемен» деректі фильмі экранға шығады.
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті - еліміздегі қазақ тілді ең үлкен басылым. Ол күн сайын 150 мың данамен таратылады. 2008 жылдың шілде айынан бастап «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингінің құрамына кірді.