Егемендігін ала алмай жүрген елдер аз емес

None
АСТАНА. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - Этнографтардың пайымдауынша, әлемде 3,5 мыңнан аса ұлт бар екен. Бірақ Біріккен Ұлт­тар Ұйымының қатарында бүгінде 193 мем­лекет қана бар.

Әрине, БҰҰ құрамына тек Тәуел­сіздігі танылған мемлекеттер ғана мүше бола алатыны белгілі. Енді әлемде тәуелсіздігі танылмаған қанша мемлекет барын осыдан-ақ бағам­дай беріңіз. Тіпті 50 миллионнан аса халқы бар күрдтер де, 20 миллионнан аса ұйғыр да әлі күнге дейін дербес ел бола алған жоқ. Шотландиялықтар да Ұлыбританиядан тәуелсіздігін алғысы келеді. Олар тәуелсіздікке қатысты референдумды 2014 жылы өткізуді жос­парлап отыр. Венеция халқының да Ита­лиядан бөлінгісі бар. Бавария Германиядан тәуелсіздік алғысы келетінін ашық жеткізіп жүр. Корнуолл халқы, Джерси аралы Ұлы­бри­та­ниядан дербестікті аңсаса, Палестина халқы Израильден бөлініп, егеменді ел болғысы келеді. Санамалай берсек, әлемде тәуелсіздігін ала алмай жүрген, азаттықты аңсап, дербестікке қол жеткізе алмай жүрген елдер өте көп, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.