«Егер 50 күнде Украина бойынша мәміле жасалмаса...»: Трамп Ресейді санкциямен қорқытты

Фото: Anadolu

АСТАНА. KAZINFORM – Егер 50 күн ішінде Мәскеу мен Вашингтон Украина бойынша есеп айырысуға келіспесе, Вашингтон әкімшілігі Ресейге және оның сауда серіктестеріне қатысты шамамен 100% импорттық баж салығын енгізуге ниетті. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

– Біз оларға (Ресей тарапына) риза емеспіз және егер мәміле 50 күн ішінде жасалмаса, өте қатаң баж салығын енгіземіз. Шамамен 100%. Оларды қайталама баж деп атауға болады. Мен екі ай бұрын мәміле жасаймыз деп ойладым, - деді ол Ақ үйде НАТО Бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуде.

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесіп, Украинаға әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚҚ) жүйелерін жеткізу мәселесін талқылады