Оның айтуынша, егер мұнай бағасы 50-60 доллар аралығында болса, онда Ұлттық қорға түсетін түсімдер шығындардан көбірек болады. Ұлттық банк алдағы үш жылда Ұлттық қордың әжептәуір өсімін де күтіп отыр.
«Егер мұнай бағасы 50 доллардан төмен түсіп кетсе және тиімсіз сценарийлер орын алып жатса, онда айырбас курсының біртіндеп өзгертілуі, сонымен қатар, айырбас курсы дәлізінің кеңейтілуі де мүмкін», - деп түсіндірді ҰБ төрағасы.
Оның айтуынша, қазіргі кездегі валюталық дәліз бізге теңге бағамын 1 долларға шаққанда 185 теңге шамасында ұстап тұруға мүмкіндік береді.