Эгей теңізіндегі арал бәссаудаға қойылды

АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - Эгей теңізіндегі жекеменшіктегі арал 10 млн. еуроға бәссаудада қойылды, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Спалатрониси шағын аралы 2013 жылдың қыркүйегінде сатылатын болады. Оның аумағы 10 гектардан артық. Қазір Грекиядағы жекеменшіктегі елсіз аралдардың иелері өздерінің меншіктерінен жылжымайтын мүлік үшін салықтардың күрт өсуі себепті тезірек сатқысы келетін көрінеді.

Эгей, Ионический және Жерорта теңіздеріндегі шамамен 6 мың арал Грекияға тиесілі.