Бұрын мәлім блғандай, жергілікті уақытпен 1:31-де Түркияның жағалауында 6,7 магнитудалы жер сілкінісі болып, оның салдары шағын цунамиге соқтырды.
Зілзала ошағы Түркияның Мугла провинциясындағы Бодрум курортты-қаласынан - 10, Кос аралынан 16 шақырым қашықтықта, 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Сағат 2:23-те 4,7 магнитудалы афтершок тіркелген. Ал екінші рет қайталанған зілзаланың эпицентрі Кос аралынан 9 шақырымда болған.