«Ағымдағы жылғы күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынына деген қажеттілік 392 мың тоннаға жуық. Аталған көлем толық деңгейде бар. 10 тамыздағы жағдай бойынша өнім берушілер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 126,2 мың тонна, яғни, жоспарлаған көлемнің 32 пайыз дизель отынын тиеп жөнелтті»,-деп нақтылады Қ. Айтуғанов.
Оның сөзіне қарағанда, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге арналған арзандатылған дизель отынының орташа құны литріне өңірлерде 92 теңгені құрап отыр. Бұл өз кезегінде нарықтағы бағадан 15-17 пайызға арзан.