Егін орағы уақтылы әрі шығынсыз атқарылуы керек - С. Ахметов

АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Егін орағы уақтылы әрі шығынсыз атқарылуы керек. Бүгін еліміздің бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланған Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов осылай мәлім етті.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдерімен бірлесе отырып, жиын-терім науқанын уақтылы және шығынсыз орындауы керек. Орақ науқаны аясында Мұнай және газ министрлігі өңірлерді жанар-жағармаймен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуі тиіс. Бұны вице-премьер Бақытжан Сағынтаев ерекше бақылауда ұстауы қажет», - деді Үкімет басшысы.