Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
«Қазіргі кезде егін орағы науқанына дайындық басталды. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді дизельдік отынмен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде. Осы орайда Мұнай және газ министрлігімен бірлесе жағармаймен қамтамасыз ету кестесі бекітілді. Жеңілдетілген бағамен 410 мың тонна көлемінде дизельдік отын жеткізу жоспарланған»,-деді министр.
Оның бағасы көктемгі егіс кезіндегі деңгейде, яғни орташа нарықтың құнынан шамамен 10 пайызға арзан болады.